Басқа елдерден келген әріптестеріміздің тәжірибесін бақылай келе, біз Қазақстандағы ELT мұғалімдерін біріктіретін платформаны құру тамаша идея болады деп шештік. Оның үстіне ұстаздарымыз өз қаласында қауым таппай, шетелден келген адаммен онлайн оқитынын да көріп жүрміз. Осылайша Астанадағы алғашқы оффлайн іс-шарамыз өтті, онда біздің көп жиналғанымызға бәріміз таң қалдық.
Мектеп, университет, лингвистикалық орталық, онлайн репетиторлық жұмыс орнына қарамастан, барлық мұғалімдерді шақырамыз. Сондай-ақ, оқыту әдістемесі кез-келген тілге бірдей (ерекшеліктерін қоспағанда) деген идеяны алға тартамыз, сондықтан қазақ, қытай, испан, корей және басқа да мүмкін болатын тілдердің мұғалімдерін күтеміз. Біз бір-бірімізбен араласып, тәжірибе алмасып, өсе алдық.